«Батыр Мәншүк - 100 жаста»! » КГУ «Общеобразовательная школа №55» Управления образования г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 375-47-54
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 375-44-68
Версия
для слабовидящих
24
январь
2023

«Батыр Мәншүк - 100 жаста»!

2023 жылдың 17 қантар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Елеубаева Айтина Сағындыққызы мен Жаппасова Айнұр Әділбекқызы 7-сыныптар аралығында «Батыр Мәншүк - 100 жаста» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: аттары аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Сабақ барысында аталған пән мұғалімдері Мәншүк апамыздың ерліктерін, сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор екенін, бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалғанын, небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болғанын, соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қызы Мәншүк Мәметованың туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтап, Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсеткенін, қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасқанын айтты. Сондай-ақ, оқушылар да Мәншүк Мәметованың өмірі жайлы әңгімелеп, ерлігі жайында өлеңдер оқыды. Мәншүк Мәметова туралы бейнефильмнен үзінді көріп, өз ойларымен бөлісті, тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның соңында мұғалімдер балаларды Отанды сүйіп, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстануға, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болуға, халықтың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігімізді қастерлеуге шақырды.